• АҚ ЖЕЛКЕН
  • 02 Желтоқсан, 2020

NIS оқушысы «Жүзден жүйрік» бағдарламасының жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 "В" сынып оқушысы Абилова Аружан Қазақстан ұлттық телеарнасының «Жүзден жүйрік» бағдарламасына қатысып, жеңiмпаз атанды.

«Жүзден жүйрік» — ауқымды ұлттық интеллектуалдық жоба. Қатысушылар тарихы тереңде жатқан еліміз жайлы, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, әлемге аты мәшһүр тұлғаларымыз бен ұлы жазушыларымыз һәм олардың бай мұрасы туралы бәрінен мықты білетінін дәлелдеу үшін бақтары мен білімдерін сынай алады.

Бұндай ауқымды зияткерлік жобаға қатысуға шешім қабылдағанымның себебі — еліміздің ұлттық құндылықтары, тарихы және мәдениетіне қатысты білімімді сынап көргім келді, – дейді Аружан.

Бағдарламада әр шығарылым сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 100 адам «Өз Отанының ең үздік білгірі» атағы үшін сайысқа түседі. Сұрақтар деңгейіне сәйкес 5 кезеңге бөлінген. Әрбір кезеңде 3 сұраққа дұрыс жауап берген қатысушы жеңімпаз атанады.

337 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы