• АҚ ЖЕЛКЕН
  • 12 Қаңтар, 2021

Людмила Рублевская. Пик-Пик тышқанның қызықты оқиғалары

Қаланың кәдiмгi пәтерiнде, кiшкентай Вероничка мен Максимканың бөлмесiнде, шкафтың астында ерiншек семiз тышқан тұрады. Бұл пәтердiң қожайындары, яғни Вероничкамен Максимканың мамасы мен папасы – ақындар. Сондықтан болу керек Пик-Пик тышқан да кәдiмгi тышқан емес, оның жолдас қызы Пепита да қарапайым мысық емес.

Пик-Пик тышқанның қызықты оқиғалары туралы ертегiлерi қазiргi балаларға түсiнiктi де жақын әрі сүйікті кейiпкер. Пик-Пик тышқан кішкентай оқырмандар сияқты өзiнiң iнiн жинауды жақсы көрмейдi және тәттiнi жақсы көредi, сұлулық байқауында жеңiмпаз болуды, бизнес жасау, театр сахнасында атын шығаруды армандайды... Оның барлық қызықты оқиғалары тапқырлықпен айтылады. Ең кiшкентай оқырмандарға түсiнiктi, ересек оқырманға қызықты. Тышқанның Микки Маусқа деген үлкен махаббаты электр тогымен аяқталады, бизнесi Пепита мысықты бiр жәшiк шоколадқа айырбастаймын деп, «достарды сатуға болмайды» дегенді ұғынумен үзiледi...

Пик-Пик тышқан туралы ертегiлер үлкен резонанс тудырды. Бiрнеше рет қайтадан басылып шықты. Польша мен Беларусь Людмила Рублевская Пик-Пик тышқанның қызықты оқиғалары елдерінің радиосында бағдарламалар өтiп жатты. Олар балалар әдебиетiне, әртүрлi жинақтарға және антологияларға қосылды. Оқырман балалар шын жүректен тышқанды жақсы көрiп кеттi және өз пәтерлерiнен «орын берді».

 Пик-Пик тышқан және Микки Маус

Вероничка тәттi сағыздарды жақсы көредi. Сағыз әдемi, түрлi-түстi суретi бар орауыштарға оралған. Вероничка  сағызды ауызынасалды да, орауышты тастады. Күтіп тұрған Пик-Пик тышқан орауышты шап берiп ұстап, iнiне апарады да, жалапжалап, анықтап қарайды. Пик-пикке шетелдің Микки Маус деген әдемi тышқанының суретi ұнады.

Бiр суретте Микки Маус торт жеп тұрды, екiншiсiнде балмұздақ... Суреттерден байқағандай, Микки Маустың жайлы үйi, тiптi автокөлiгiбар. «Бұл сұлу мысықпен танысса қандай жақсы болар еді! – деп армандады тышқан.

– Дос болсақ, одан кейiн мүмкiн тiптi бiрге тұрсақ...».

Сөйтiп Пик-Пик Микки Маус көлiкпен келiп, бұны өзiмен бірге Америкаға алып кету үшiн хат жазайын деп шештi. Хатты жiбергеннен кейiн бiрнеше күн теледидардан америкалық мультиктердi көрсете бастады. Сонда тышқан экраннан тiрi Микки Маусты көрдi.

– Азамат! – деп қуанып кеттi тышқан. – Келiп жеттi!

Телевизорды сөндiргенкезде, Микки Маус та жоғалып кеттi. Тышқан iнiнде оны  көп уақытқа дейiн күттi.

«Шамасы телевизордан шыға алмай жатқан шығар» деп ойлаған Пик-Пик залға жүгiрiп барды да, телевизорды қақты:

– Микки! Шық! Бұл мен – Пик-Пик!

Тым-тырыс. «Ұйықтап қалды» деп ойлады да, қаттыраққақты. Телевизордан  бiр сыбдыр естiлгендей көрiндi.

– А-ха, дегенмен сен осының iшiндесiң ғой! Кәнеки, шық, мен сенi көргенмiн!

Тышқан қанша тырысса да, Микки шықпады. Сонымен дегенiне жете алмай, ұйқыға кетті.

Ертеңгi күннiң кешiнде Вероничка қайтадан мультиктердi көрдi.

Таныс дауысты естіп тышқан оянып кеттi де, залға жүгiрiп барды. Сөйтсе экранда Микки Маус билеп жатыр.

«Тұра тұр, мен сені ол жақтан алдап шақырамын», – деп Пик-Пик ашуланып, өзінің қорынан ең тәтті кәмпиттердi таңдап алып, телевизордың алдына қойды да, диванның астына тығылып қалды. Енді Американың сұлу жігіті шықпай көрсін!

Күте-күте тышқан ұйықтап та қалды. Оянса, кәмпиттер жоқ екен. «Аха, шыдай алмады, сүйретіліп шықты!» деп ойлап қойды тышқан.

Шынында кәмпиттердi осы үйдің мамасы алып тастады. Бірақ тышқан оны  білген жоқ. Сондықтан Микки осында екеніне, әрі оған жету керек екеніне тышқанның күмәні болмады.

Вероничка келесі жолы мультик көріп отырғанда, тышқан телевизордың қасына жүгіріп барып, майдамайда шамдар жарқырап тұрған жағынан ішіне кіруге тырысты...

Сол кезде оны электр тогы соғып кеттi!

Пик-Пик еденге құлап, көздері жабылып қалды. Вероничка қорқып кетті, ас бөлмеден шынымен су әкелді де, байғұстың үстіне шашып жіберді...

Пик-Пик есін жиды... «Ойбай! Микки – қанішер! Америкалық қанішер! Мені өлтіре жаздады. Неге?! Шынымен мен оған ұнамадым ба?..». Тышқан ініне сүйретiлiп кетті. Сүйттi де Микки Маустың барлық суретін қоқыс жәшікке лақтырып тастады.

Пик-Пик тышқанның інін жинауы

Тышқан тұратын пәтерде жазда жөндеу жұмыстары басталды. Пик-Пик үрейлі дауылдан әрең аман қалды.Бір апта бойы үйдiң іші бояу сасып, танымайтын адамдар тыпырлап, жиһаздарды бір жерден бір жерге жылжытты. Әсіресе ас үйге өту қиын соқты. Әйтеуір бір кезде бәрі бітті-ау! Пәтер өте әдемі болды:  еденжалтырап тұр, төбе – қардай ақ, қабырғаларда – жаңа түсқағаздар.

Тышқан жаңарған бөлмелерде біраз жүріп, қожайындардың жетістіктеріне қызықты. Өз ініне келіп, жылап жібере жаздады. Бұның тұрғын үйі шын мәнінде өте лас және көріксіз екен. Бәрі сұр, шаң, еденде қалың қабат қоқыс: тұқылдар, тұқымның қабықтары, кәмпиттiң орауыштары, газет қалдықтары. Амал жоқ, тазарту керек!

Осыған дейін тышқан бұндай қызықсыз, жалықтыратын шаруаға уақыт жұмсамайтын. «Ең бастысы еден жуу керек сияқты. Інге су тасу керек болады... Егер тышқан суға бармаса, судың өзі тышқанға келу керек» деп ойлады Пик-Пик.

Үйде бәрі ұйықтап жатты. Тышқан ас үйге, жуынатын бөлмеге жүгіріп барып,
крандарды ашты. Ваннаға, қол жуғышқа су толып жатқанын бақылап, ұйықтауға кетті.

Пик-Пик суықтан оянды... Көзін ашса, үстіндегі төбе қандай да бір себептермен
теңселіп тұр. Кәмпиттiң қорабы – кереует бөлменің ортасында, толқындардың
үстінде шайқалып тұр екен.

– Қарауыл! – деп сыбырлады тышқан. Қорыққанынан дауысы шықпай қалды.

Абырой болғанда үйдегі папа оянып, тәпiшкесін киейін деп еді, тәпішкесі бөлменің басқа жағына қалқып кетіпті. Аяғы мұздай суға тиді... Папаның айқайынан бәрі оянды. Вероничка күліп жіберіп, судың үстінде жүгіре бастап, тәпiшкелердi кішкентай кеме сияқты бір бұрыштан бір бұрышқа қуып жүр. Мама крандарды жабуға жүгіріп кетті, ал папа болса жалаң аяқ суда тұрып:

– Бұл ақырзаман! Үлкен тасқын! – деді сыбырлап.

Осы арада мама крандарды жауып, едендегі суды шүберекпен сүртіп алды. Пәтер бұрынғыдай таптаза және әдемі болмай қалды: тышқанның інінен соншалықты қоқыс шайылып шықты да пәтерді одан ары ластады.

Мама крандарды кім ашқанын анықтауға кірісіп еді, тышқан ініне тығылып қалды. Іннің іші ылғал, бірақ ерекше таза болды.

Тәржiмалаған
Үмiт Тәжкен

«Ақ желкен» журналы, №12
Желтоқсан, 2020
 

391 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы