• АҚ ЖЕЛКЕН
  • 10 Ақпан, 2021

Егер Мариан шұңғымасына темір шар тасталса

Жер шарының ең терең нүктесі Мариан шұңғымасы екені белгілі. Десек те, одан да терең жерлер болуы ықтимал. Өйткені әлемдік мұхиттың 5 пайызы ғана зерттелген. Сондықтан болашақ жаратылыстану оқулықтарындағы ең терең нүктенің аты ауысатын болса, таңғалмаңыз. 

Мариан шұңғымасына темірден жасалған шарды лақтыру немесе батыру туралы теориялар жоғары сынып оқушыларына берілетін тапсырмалардың бірі. Олар судың қысымын ескере отырып, шардың 11 022 метр тереңдікке қанша уақытта құлайтынын есептеп шығарады. (Мариан шұңғымасының ең терең табаны «Челленджер тұңғиығы» деп аталады. 1957 жылы Англиялық экспедиция Челленджер ІІ кемесімен бұл тереңдікті эхолот арқылы анықтаған. Бірақ бұл экспедия тереңдікті 10 994 метр деп анықтаса, Кеңестік экспедиция 11 022 метр деп өзгерткен болатын).

Теңіз суының тығыздығы 1020-1030 кг/м3 болса, 11 022 метр тереңдіктегі қысым 113,5МПа-ға жетеді. Бұл адам ағзасы шыдай алмайтын қысым. Тіпті бұл тереңдікке тасталатын шардың да жоғары қысымнан формасы өзгеруі ықтимал. Әрине, қарапайым көзге байқала қоймас. Бірақ студенттер мен оқушылардың есептеріне сүйенер болсақ темір шар 0,8 пайызға кішірейеді екен. Ал бұл шардың суға бату жылдамдығы 15м/с болады екен. Яғни ол 12 минуттан соң Челленджер тұңғиығына жетеді. 

Аталған экспериментті физика ғылымынан соң химия ғылымы ары қарай зерттей түседі. Мариан шұңғымасының табанына түскен темір шар ары қарай нендей күй кешеді? Ғалымдардың пікірінше ол шар шамамен 80-90 жыл ішінде жоқ болып кетеді екен. Өйткені теңіз табанында да миллиардтаған бактерия өмір сүреді. Бұл экспериментке негіз ретінде Титаник кемесінің бүгінгі теңіз табанындағы жағдайы негіз болып отыр. Небәрі 3800 метр тереңдікте жатқан, сом темірден жасалған кеме аз-ақ жылда теңіз табанының топырақ бөлшегіне айналып кете бармақ. Ал оның жанында жұдырықтай шар түкке тұрмасы анық. 

ТӨЛБАСЫ

«Ақ желкен» журналы, №2
Ақпан, 2021

1716 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы