• Кімнен үйренеміз, неден жиренеміз?
  • 14 Тамыз, 2017

«Нью-Йоркке қонаққа шақырамын»

Шетелде жүріп жетілген жастарымыздың бірі – Арман Жаңабаев. Тараздың тумасы. Жоғары оқу орнын «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тамәмдайды. Қазір Нью-Йорк қаласында қызмет етеді. Ол шалғайдағы өмірі жайлы бізге айтып берді: «Менің шетелде жүргеніме он жыл болды. Ең алғаш студенттерге арналған «Work and Travel» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Вирджиния штатына бардым, – деп бастады әңгімесін Арман. – Бағдарламаға сәйкес, үш айдан кейін елге оралып, Тараздағы оқуымды аяқтадым. Жаз айында Ұлыбританияға ағылшын тілін үйренуге кеттім. Сол жылы АҚШ-тың заңды азаматы ретінде тұруға мүмкіндік алдым. Менің Америкаға сапарым 2009 жылы басталды. Қазір Нью-Йорк қаласында тұрамын. Сауд Арабиясының инвестициялық қорын басқару міндеттелген (Money Management) Нью-Йорктағы SIB Portfolio Advisors компаниясында програмистпін».

БАРЛЫҒЫ МАМАНДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ

Шетелде қызмет жасау үшін міндетті түрде шетелде білім алу керек деген сөз бекер. Барлығы игерген мамандығыңа байланысты. Мысалы, заңгер немесе дәрігер болып жұмыс жасағың келсе, жоғары оқу орнын бітіргеніңді растайтын дипломың болуы керек. Инженер, программист болып істегің келсе, диплом сұрамайды. Мен Қытай мен Үндістаннан келген мамандармен бірігіп жұмыс істеймін. Олар жұмысқа сенің ынтаң мен еңбекқорлығыңды көріп алады. Сол қызметте өзіңді жан-жақты көрсетуің керек. Америкада бірінші орында халықтың қауіпсіздігімен әл-ауқаты тұрады. «Екі қолға бір күрек табылады» деген мақалды америкалықтар да айтады (күліп). Әр азамат төлеп жатқан салығының қайда жұмсалып жатқанын біліп отырады. Бұл жақта ешкім өзінің табысын айтпайды, сұрамайды да. Білгісі келгендер жалақыны көрсететін сайттан қарап алса болады. Жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Осы жаққа келген жылдары жұмыссыз жүргендер өте көп болды. Даяшылықтың жұмысы табылмайтын. Алдыңа қойған мақсатқа жету үшін көп еңбектенуің керек. Басқа елге келгеннен кейін, кез келген жұмысты істей бересің. Шетелдік жастар көп нәрсеге қызығады. Ең алдымен олар ата-аналарына салмақ салмайды. Ер жетіп, еңбекке жараған күннен бастап жұмыс істейді. Көшеден қолы бос қыз-жігіттерді көрмейсің.Шетелдің жастарға берер мүмкіндігі көп. Олар білім алумен қатар елді тану үшін барады. Шетел көрген жастар басқаша ойлайды. Қолда бар мүмкіндіктің барлығын пайдалануымыз керек. Жылдап көрмеген бауырларым мен достарымды сағынамын. Маған екі апта ғана демалыс береді. Сол уақытта бәріне үлгеруім керек. Кейде әжем «сені үйде  көрмейміз» деп ренжиді. Уақыт аз болғандықтан үлгермейсің. Сосын туысқандарымды Нью-Йоркке қонаққа шақырамын. Сырттан келген адам елдегі өзгерістерді бірден байқайды. Болашақта Қазақстанды дамыған, өркениетті елдердің қатарынан көргім келеді. Ол күн де алыс емес. Әлеуметтік желіні орынсыз пайдалану еліміздің мәдениетінің деңгейін көрсетеді. Жастарымыз барлық уақытын білімге, жаңа технологияны меңгеруге жұмсаса тиімді болары сөзсіз. Шетелдік компанияда жұмыс істеу үшін сол елде білім алуың маңызды емес екенін ұғыну қажет.

Дайындаған Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА

«Ақ желкен» журналы, №7 Шілде, 2017

 

808 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы