• Uncategorized @uz
  • 29 Мамыр, 2018

Астанада үшінші халықаралық қайырымдылық BI Marathon өтті

Күннің суықтығына қарамастан мамырдың 27-сі күні Астанада өткен үшінші халықаралық қайырымдылық BI Marathon-ға әлемнің 20 елінен 7200 адам қатысты. Бұл өткен жылғыдан бір жарым есе артық. Екі жылдың ішінде корпоративтік деңгейден халықаралық дәрежедегі іс-шараға айналған BI Marathon салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, қайырымдылық мақсатын да орындайды. Тіркелуден түскен барлық қаражат «BI Жұлдызай» қайырымдылық қорына жіберіледі. 2016 жылы осы акция аясында 10 млн. теңге, ал 2017 жылы 16 млн. теңге жиналған, бұл қаражатқа балалардың есту және бас ми мүшелерінің жұмысын жақсартуға арналған томатис терапиясына арнайы өңделген  SOLISTEN құрылғыларын сатып алуға жұмсалды. Осы жылы ұйымдастырушылардың болжамды дерегі бойынша қор шотына марафонға тіркелуден шамамен 22 млн теңге қаражат түскен. - Бұл Қазақстандағы жалғыз 100% қайырымдылық марафоны. Яғни жиналған барлық қаражат қорға аударылады, ал марафонның бүкіл шығынын BI Group компаниясы өтейді. Өзінің ғана емес, қарамағындағы қызметкерлердің, қаланың, елдің қамын ойлайтын осындай компанияның бары қуантады. Ұлтымыздың дені сау болуы тиіс, өйткені бұл біздің болашағымыз. Ал ең қолжетімді спорт түрі ол – жүгіру, дейді BI марафонның бас төрешісінің көмекшісі, қазақстандың ультрамарафоншы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаев. Жүгірушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін қажетті шаралар іске асырылады: тейптеу, денені ширату; трассаның әр оныншы шақырымы сумен, жемістермен және толық марафонды жүгірушілер үшін изотониктармен жабдықталған пунктермен бөлінді. Сонымен қатар әр 10 шақырым сайын дәрігерлер мен жедел жәрдем кезекшілікте болады. Көрермендер мен жанкүйерлер үшін кейтеринг пен отандық әртістердің қатысуымен мәдени бағдарлама өтті. Жалпы, BI Marathon елордамыздың тұрғындары мен қонақтары үшін жарқын спорттық мерекеге айналды. Өткен жылғыдай марафон қашықтығы 5, 10, 21 және 42,2 шақырымды құрады. Ал ең кішкентай қатысушылар үшін 2 шақырымды құрайтын балалар жүгіруі де болады. Айтпақшы, айта кетейік, ең жас қатысушы – Марат Жыланбаевтың қызы 4 жасар Алияна 2 шақырымға жүгірсе, ең егде қатысушы 76 жастағы ақсақал Қайырбай Сәлімов 42 шақырымдық толыққанды марафонды жүгіріп өтті. Сондай-ақ, қатысушылардың арасында бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев те болды.

131364 рет

көрсетілді

48192

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы