- Uncategorized @uz
- 08 Маусым, 2018
Төлдер мен балақай

БАЛАҚАЙ:
Ботақаным үнемі
Тау арқалап жүреді.
Айтшы, сонда болса мән,
Не үшін керек ол саған?
БОТАҚАН:
Сұрағыңның мәні бар,
Бұл – өркеш қой, танып ал!
Демей: «...Белім бүгілді»,
–Көтеремін жүгіңді.
БАЛАҚАЙ:
Құлыншағым – «Қылқұйрық»,
Сенен озар жоқ жүйрік.
Кескен құрақ қияғын
Неге жұмыр тұяғың?
ҚҰЛЫНШАҚ:
Жолсыз тауда, орманда
Алып жүрем өзіңді.
Қалмау үшін сол маңда
Тұяқ керек төзімді.
БАЛАҚАЙ:
Бұзауқаным, қалайсың,
Қолымды кеп жалайсың.
Не болды екен қалауың,
Неге таңқы танауың?
БҰЗАУҚАН:
Тыңда, айтайын мен енді,
Саған сүтті берер кім?..
Танауыммен түрткілеп,
Идірмесем енемді.
БАЛАҚАЙ:
Қошақаным – қоңырым,
Мыңқ етпейтін момыным.
Бойыңды жүн құрсаған,
Не үшін керек бұл саған?
ҚОШАҚАН:
Көп қой мұның керегі,
Қыста апаң денені
Қорғап жүрер суықтан
Киім тоқып береді.
Қуат АХЕТОВ
Қызылорда облысы,
Жалағаш ауданы.
«Балдырған» журналы, №5 Мамыр, 2018

663 рет
көрсетілді0
пікір