• АҚ ЖЕЛКЕН
  • 19 Желтоқсан, 2021

Қазақстандағы Fashion-индустрия қалай дамып жатыр?

Бүгінде Қазақстанда Fashion-индустрия қарқынды дамып келеді. Бұрынғыға қарағанда сәнгерлерге Қазақстанда өзін-өзі әрі қарай дамытуға үлкен мүмкіндіктер ашылды. Алайда Қазақстанды әлемдік деңгейде танытқан дизайнерлер аз. Оларға кімдерді жатқыза аламыз?

Көркем «pret-a-porter de lux» коллекциясын шығарушы, табысты әрі жас дизайнер Аида Қауменова – «Aida KaumeNOVA» брендін қалыптастырды. Аида Қазақстанда ғана емес, басқа шетелдік сән индустриясында өз орнын тапқан. Бұл Аиданың көп жылдық тер төгуінің нәтижесі десек, қате емес. 
2016 жылы ELLE STYLE AWARDS-тің «Дизайнер жетістігі» номинациясы бойынша жеңіске жеткен Айнұр Тұрысбектің өнімдері Қазақстанда және Париж қаласындағы шоу-румдарында да сатылады. Ол тек әйелдер мен ерлер киімін шығарумен тоқтап қалмай,  luxury-сегменті үшін де аксесуарлар өңдейді.

«Fashion TV Central Asia 2013» сыйлығында Орта Азияның үздік сән дизайнері атанған Ая Бапани «Aya Bapani» брендімен танымал. Ол спортта ғана емес, сән әлемінде де ел мәртебесін арттыруға болатынын дәлелдеді. Ая Австралияның түтілген жүнін қолдану арқылы жұмсақ матадан өңделетін киімдермен ерекшеленді. 

Басқа жас дизайнерлердің қасында ерекше стилімен көзге түскен Салтанат Баймұхамбетова алғашқы жобасын «F… you» желісімен жастарға арналған киім үлгілерін тігуден  бастады. Ол 2008 жылдың наурыз айында  «Trend&-Tendance» агенттігінің қолдауымен Парижде сән көрсетілімін жасады. Салтанат Париждегі сапарынан оралған соң «Salta» атты брендін жарыққа шығарды. Қазір бұл Қазақстандағы танымал брендтердің ішіне кіреді.

Алматыда өткен «Kazakhstan Fashion Week» сән көрсетілімі көрермен  көзайымына айналды. 2013-2014 жылдары өткен көрсетілімге Atelier Artisan, Mechanical Piano, Kamila Kurbani, Aigul Kassymova, Leonid Zherebtsov, LaRiya, Yerlan Zholdasbek, SM, Anar London, Aida Kaumenova, Aidos Suleimenov, Ainur Turisbek, Salta, Tamara Lamanukaeva, Keti Chkhikvadze, Salle de Mode, Soul by Dennik Li, Irina Shumova, LouLou, Miau, Catalin Botezatu, Greghor Macgreghor, Omelya Atelier, Anna Bublik секілді атақты дизайнерлер қатысты. Қазақстанның fashion-индустриясының болашағы жарқын екені белгілі. Дизайнерлер сән әлемінде әлі талай шыңдарды бағындыратыны белгілі. 

Арай НҰРТАЗИНА, 
№6 Хромтау 
мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы.
 Ақтөбе облысы 
Хромтау ауданы

699 рет

көрсетілді

13

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы