• Featured
  • 11 Сәуір, 2022

Ішкі істер министрлігі академиясындағы кездесу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының қызметкерлерімен және курсанттарымен кездесті. Мақсаты – әділетті қоғамды құратын жас ұрпақты жан-жақты үйлесімді тәрбиелеуде өзара байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мәселелерін талқылау.

Кездесу барысында қоғамдағы тіл мәселесі, оның ішіндегі тілдік мәдениет пен мемлекеттік тілді дамыту мәселелері көтерілді. Өскелең ұрпаққа рухани-құқықтық тәрбие беру мен ХХІ ғасырдағы адамгершілік бағдарларды анықтаудың және сол бағыттарды дұрыс қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.

Сонымен қатар, кездесу аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясының оқытушылары өзара ынтымақтастықтың бағыттары мен келешегін талқылады. Кездесу нәтижесінде психология саласында терең білімі бар және коммуникативті дағдылары жоғары, өмірлік қиын жағдайда қалған адамды иландыра алатын және оған әсер ете алатын кәсіби спикерлерді бірлесіп дайындау қажеттігі басым бағыттардың бірі болып бекітілді.

Жастардың құқықтық тәрбиесі де кездесу барысында назардан тыс қалмады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының және ҚР ІІМ Алматы академиясының оқытушылары осы тақырыптағы кездесулердің маңыздылығына тоқталып, форматын белгіледі. Құқықтық тәрбие жеке тұлғаның өзін өзі тануы мен жауапкершілігін арттыруға, социумның қоғамдағы орны мен рөлін түсінуге көп ықпал ететіні баса айтылды.

Тараптар жастармен жұмыс істеудің қолданыстағы формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру мәселесін талқылады. Инновациялық технологияларды енгізу, кездесуге қатысушылардың пікірінше, адам мінез-құлқының девиантты формалары көріністерін азайтуға және сол арқылы қазіргі қоғам мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының оқытушылары қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушыларына шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті бойынша семинар-тренингтер сериясын ұйымдастырып, қазақ әдебиетінің тарихы турасында дәріс өткізуге тілек білдірді. Кездесу қорытындысында академия оқытушылары бүгінгі заманның азаматы тарихын біліп, тарихи мұрасына құрметпен қарайтын, мемлекеттік тілді жетік меңгерген және кез келген коммуникативті жағдайды бағдарлап, айналасындағы адамдармен диалогты тиімді жүргізе алатын, мәдениеті жоғары және үйлесімді тұлға болуы керектігін баса айтты.

 

А.Б. Темірболат,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

 

Л.А. Мекебаев,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты.

467 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы