- Бүгінгі проза
- 19 Сәуір, 2022
Сағатбек МЕДЕУБЕКҰЛЫ. Ынтымақ

«Отан», «туған жер», «туған ел», «ынтымақ», «бірлік», «татулық», «қанағат» деген ұғымдар баланың санасына ең әуелі отбасында сіңіріледі. Осыған орай, сүйікті оқырманымызға ғалым, ұстаз, журналист Сағатбек Медеубекұлының тағылымды қысқа әңгімелерін ұсынып отырмыз.
БІРІМІЗДІҢ ЖҮРЕГІМІЗДІҢ ЛҮПІЛІН БІРІМІЗ ЕСТІП...
Бала күнімізде бір отбасында алты ұл, бір қыз және атам, әжем, әкем, шешем – бәріміз екі бөлмелі үйде тұрдық. Екі бөлменің кіреберісінде – даланүй. Алдыңғы бөлмеде қызы және екі кішкене ұлымен әке-шешеміз кең ағаш төсекте, төргі бөлмеде, оң жақ қабырғаның тұсындағы кереуетте – атам, сол жақ қабырғаның тұсындағы кереуетте әжем жатады. Ал ортада ұлдар жерге салынған төсекте тоғысамыз. Күндіз іргеде қат-қабат жиналып тұратын көрпелер бәрімізге бір-бірден жамылуға жетеді. Бірақ анамыз астымызды бірнеше көрпемен қалыңдағанмен, үстімізге бір ғана үлкен көрпені бәрімізге ортақ қылып бір-ақ жабатын. Бір көрпенің астында айқасып- ұйқасып, біріміздің демімізді біріміз жұтып, біріміздің жүрегіміздің лүпілін біріміз естіп, біріміздің тамырымыздың бүлкілін біріміз сезіп жататынбыз да, күндіз бола қалған реніш, өкпе, наздың бәрін ұмытып, ұйқыға кететінбіз...
«АУЫЛ, АЙМАҒЫМДЫ АМАН ҚЫЛ...»
Ұйықтар алдында атам мен әжем күбірлеп Құран сүрелерін оқиды, бізге естірте дұғаларын айтады: «Е, Жаратқан ием, ауыл-айма-ғымды аман қыл. Алтауды ала қылмай, ауыздағыны қалдыр, төртеуді түгел қылып, төбедегіні келтір...» Әлбетте, бұдан басқа да тілектер шұбырта айтылады. Бірақ күн сайын әрі міндетті түрде сөз басында айтылатын бұл сөздер біздің құлағымыздан өтіп, санамызға сіңіп, жүрегімізге ұялап жатады. Олар беттерін сипағанда, біз де бетімізді сипаймыз. Сипамасақ, жаңағы ауыл, аймақ амандығы, ел ынтымағы үшін айтылған жүрекжарды тілектер қабыл болмай қалатындай көрінетін...
«БІР- БІРІҢМЕН ТАТУ БОЛЫҢДАР...»
Таңғы дастарқан үстінде әкеміз тапсырма береді. Әрқайсымызға жеке-жеке айтпайды, бәрімізге естірте ең үлкеніміз Тоқтасынға: «Тоқан, бүгін ананы істеңдер, мынаны істеңдер», – дейді де жұмысына кетеді. Ол кісі кеткен соң Тоқаң бізге бөліп-бөліп тапсырма береді, яғни бұзаулы сиыр мен құлынды биені сыртқа шығарып, ақырларына байлау, қойларды шығарып, даладағы қашаға кіргізу, шөп салу, қора тазалау, суғару, су әкелу, отын жару, тағысын тағылар. Біз әрқайсымыз біріміз сабаққа дейін, біріміз сабақтан кейін өзімізге берілген, шамамызға келетін шаруаны бітіреміз.Шамамыз келмейтінін бірігіп істейміз. Жұмыстан келген әкеміз кешкі дастарқанда:
– Ой, күндерім, осылай ынтымақты болсаңдар, бітпейтін жұмыс жоқ, – деп разылығын білдіреді. Таңғы тапсырманы үлкеніміз Тоқаңа бергенмен, кешкі алғысын бәрімізге ортақ қылып айтады да:
Шырақтарым, «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді бұрынғылар. Ол – шындық. Алтыбақан ала ауыз болмай, бір-біріңмен тату болыңдар, – дейді... Әлбетте, біз қас-қабағына қарап көкейіндегісін тануға, үнінің ырғақ-реңіне құлақ түріп көңіл-күйін табуға тырысатын әкеміздің аузынан шыққан тапсырманы бұлжытпай орындауға бекінеміз.
«БІРЕУДІҢ АЛА ЖІБІН АТТАМА, ҰРЛЫҚ ҚЫЛМА, ӨТІРІК АЙТПА...»
Анам – дұғасымен қара суды теріс ағызған Шәлімбек деген қаридың немересі. Әкесі Хасен де тегін адам болмаса керек. Олай дейтінім, анам «атам мен әкемнен естігенім» деп көнеден қалған өнегелі әңгіме, тәмсілдерді оңашада бізге майын тамыза айтатын. Бірде ол мынадай бір болған оқиғаны айтты. Ауылда ата-анадан жалғыз қалған жігіт болыпты. Сол жігіт бір күні ауыл қарияларын ауызашарға шақырады. Қариялар жиналған соң, орталарында бүкіл ел құрметтейтін, бәрінен жасы үлкен ауыл ақсақалы жоқ болып шығады. Үй иесінен:
– Неге шақырмадың? – десе, әлгі жігіт:
– Ол кісі көрші ауылға қонаққа кетіпті. Үйінде жоқ екен, – дейді. Сонда ауыл ақсақалының құдайы көршісі отыр екен:
– Әй, өтірік айтпа. Ол ешқайда кеткен жоқ. Үйінде қазір, – дейді.
Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай:
– Бар, шақыр. Ұят болады. Үлкен кісі үйінде болса, біз қалай бұл дастарқанда отырамыз? – деп қариялар үй иесіне ауыл ақсақалын алдыртады. Әдеттегідей шай ішіліп, соңынан ет келеді. Басқа бата сұрайды үй иесі. Батаны, әлбетте, жасы үлкен ауыл ақсақалы береді. Ақсақал батасын бергеннен кейін алдына қойылған бастың бір құлағын кесіп, үйдің кіші баласына береді де, өзі ауыз тимей қасындағы үлкен қарияға ысырып, үй иесіне:
– Қарағым, осы қазір үйге бар да, менің үлкен ұлыммен бірге қорада бордақыда жалғыз қалған қойды осында алып келіңдер, – дейді. Ауыл ақсақалының айтқанын орындамасқа лаж жоқ. Үй иесі үндемей шығып кетеді. Көп ұзамай екі жігіт дәу семіз қойды алып келеді де, босағадан енгізеді. Ақсақал үйдің иесіне:
– Қойдың басынан ұста, – дейді. Үй иесі қойды мойнынан қаусыра ұстайды. Сонда алақанын жайған ақсақал:
– Я, Құдайым оңдасын, еш жамандық болмасын! Азаматтар біреудің ала жібін аттамасын, өтірік айтпасын, ұрлық жасамасын, әумин! – деп бетін сипағанда, әлгі қойдың мойнын ұстап тұрған үй иесі өкіріп жылап жіберіпті. Сөйтсе, ақсақалдың бордақыда тұрған екі қойының біреуін осыдан бір күн бұрын ұрлап әкеліп, соны сойып, ауыл қарияларын ауызашарға шақырыпты. Ақсақал алдына келген бастың құлағындағы енінен өзінің қойын бірден танып қойыпты.
Бұл әңгіме бүкіл елге тарайды. Ел жігітке қырын қарап қалады. Кездесе кеткеннің бәрі біреудің ала жібін аттағанын, өтірік айтқанын, ұрлық жасағанын бетіне баса берген соң жігіт өзінің істеген ісіне қорланып, көп ұзамай елден көшіп кетуге мәжбүр болыпты. Әңгіменің соңында біз:
– «Біреудің ала жібін аттама» дегенін қалай түсінуге болады? – дейміз. Анам:
– Ол – «біреуге жамандық жасама, қиянат қылма» деген сөз, – дейді.
Анамыздың мына әңгіме-сінен кейін біреудің ала жібін аттағанның, өтірік айтқанның, ұрлық жасағанның соңы не болатынын түсінеміз. Түсінеміз де, олай істемеуге бекінеміз.
«БІРЕУДІҢ ҚОЛЫНДАҒЫҒА ҚЫЗЫҚПА, ДАСТАРҚАНҒА КӨЗІҢДІ САТПА...»
Мені өз бауырында өсірген әжем жасында сұңғақ бойлы, кербез, сұлу болыпты. Мен ес білгелі ол кісі еңкейіп жүреді. Бірақ қолынан инесі түспейтін ісмер, шебер еді. Ою оятын. Аң терісінен, қаракөл теріден құлақшын, тұмақ та тігетін. Ауылдың қыз-келіншектері үйге келіп, ол кісіден тұмақтың пішімін үйреніп, текеметтің, сырмақтың бетіне салатын ою үлгісін алып жатқанын талай көргенмін.Ою ғана емес, олар әжемнің айтқан ақылынан ой да түйіп алатын. Өнегелі ісімен, уәлі сөзімен сыйлы әрі жасы да үлкен болған соң, ауылдың үлкен-кішісі түгел «әже» дейтін.
Ауылдағы барлық үй бір атаның баласы секілді бірінің қызығынан бірі қалған емес. Ондайда, әлбетте, әжем де құрметті қонақтың бірі. «Әжемді біреу қонаққа шақырса екен, үйге қонақ келсе екен» деп үнемі тілеп жүремін. Үйге қонақ келсе, мені қасына отырғызып қояды. Қонаққа барса, қалдырмай ертіп алады. Әжесіне ілесіп қонаққа баратын мен ғана емес, әрине. Ол кезде әже-апалардың бір-бір немересін қонаққа ала баратын салты бар еді.
Қонаққа бара жатқанда әжем: «Қайсыбіреудің баласы құсап біреудің қолындағысына қызықпа, барған жерде дастарқанға көзіңді сатпай отыр», – деп ескерту жасайды. Маған әжемнің «қайсыбіреудің баласы» дегені ерекше жиіркенішті естіледі де, «қайсыбіреудің» баласына ұқсамауға тырысамын...
«Ақ желкен» журналы, №4
Сәуір, 2022
(Иран суретшісі Ali Miri-дің суреттері пайдаланылды)

180 рет
көрсетілді27
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Svznwk
02 Мамыр, 2022buy sildenafil 50mg generic - viagra 25mg for sale sildenafil pill
Ejtosx
07 Мамыр, 2022cost prednisolone 5mg - order prednisolone 10mg online tadalafil 10mg sale
Yafort
10 Мамыр, 2022augmentin 625mg canada - order cialis 20mg cost of cialis
Ottzfc
12 Мамыр, 2022bactrim uk - sildenafil 150mg uk sildenafil uk
Exufik
15 Мамыр, 2022order cephalexin 125mg without prescription - erythromycin 250mg for sale buy erythromycin 500mg
Wyjjek
20 Мамыр, 2022oral cefuroxime 500mg - buy robaxin online brand cialis 40mg
Peshmt
23 Мамыр, 2022amoxil 250mg pill - levitra pills levitra order
Bkfzee
25 Мамыр, 2022stromectol 0.5 mg - ivermectin uk coronavirus buy vardenafil 20mg online cheap
Lbervi
26 Мамыр, 2022doxycycline cost - purchase clomiphene pills us pharmacy cialis
Fkqvyj
28 Мамыр, 2022buy cialis 40mg - buy tadalafil online modafinil 100mg uk
Qtnhqe
30 Мамыр, 2022deltasone 20mg for sale - buy ed pills usa order accutane 40mg
Tkkbtp
31 Мамыр, 2022buy amoxicillin 500mg generic - viagra tablets generic sildenafil 100mg
Zvoudn
01 Маусым, 2022oral prednisolone 5mg - viagra 50mg cheap buy sildenafil 150mg generic
Jplhhc
06 Маусым, 2022order metformin 1000mg online cheap - order lipitor 80mg pills order amlodipine pill
Zajjkm
08 Маусым, 2022buy lisinopril 10mg for sale - oral atenolol order atenolol 100mg
Quepaa
09 Маусым, 2022levitra drug - medrol 16 mg tablets order clomid 50mg online cheap
Cssffe
11 Маусым, 2022buy ventolin 2mg - buy priligy pill buy dapoxetine 60mg generic
Dajubk
12 Маусым, 2022synthroid 150mcg for sale - aristocort 10mg without prescription hydroxychloroquine for sale online
Hxhyod
16 Маусым, 2022order deltasone online - isotretinoin for sale amoxicillin 250mg us
Cilmbm
17 Маусым, 2022order diltiazem 180mg generic - purchase prednisolone sale buy neurontin 100mg without prescription
Nystwu
18 Маусым, 2022order furosemide 40mg sale - acyclovir 400mg price buy doxycycline
Fpcimr
19 Маусым, 2022cenforce 100mg without prescription - zetia order online buy domperidone 10mg pills
Yqynnb
20 Маусым, 2022viagra tablet - viagra price cheap cialis for sale
Ufeotj
22 Маусым, 2022purchase provigil sale - prednisone 20mg cost buy budesonide for sale
Rnvaem
24 Маусым, 2022accutane 10mg usa - order accutane 40mg for sale buy tetracycline 250mg generic
Rkvdez
25 Маусым, 2022order flexeril - order toradol without prescription inderal 20mg sale
Atplkg
27 Маусым, 2022plavix 75mg over the counter - purchase plavix sale reglan 20mg drug