• Featured
  • 12 Сәуір, 2022

17-дегі жүздесу

2022 жылдың сәуір айының 10 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың  17-студенттер үйінде "Көкжиек" ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі "17-ДЕГІ ЖҮЗДЕСУ" атты әдеби шығармашылық кеш өтті. 

17-дегі жүздесудің бұл жолғы қонақтары – ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлектері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері, жас қаламгерлер Бекзат Смадияр, Жандарбек Жұмағұлов, Әсел Кәрібай. Қаламдары университет қабырғасында, студенттер үйіндегі кештерде ұшталған, бір кездерде «Көкжиектің» мүшелері болған  жас қаламгерлер түлеп ұшқан ұяларына келіп, студент жастармен қуана қауышты.  Кештің кіріспе сөзін «Көкжиектің» клубының жетекшісі Ләйла Жұматайқызы бастап, қонақ болып келген шәкірттеріне алғысын білдіріп, олардың осы отырған жастарға заманы жағынан да, рухы жағынан да жақын екенін, қазақ әдебиеті көшіне қосылып жатқан жаңа толқын екенін атап өтті. 

1 курс студентері  қонаққа келген ақындардың өлеңдерін оқыды. Сұрақ-жауап, сұқбат түрінде өткен кеште ақын қонақтар студенттік шақтың ыстық естеліктерімен бөлісіп, қатысушылардың көкейіндегі әдебиет әлеміне қатысты сұрақтарға жауап берді. Кешке ҚазҚызМПУ-дың арулары да қонақ болып қатысты. «Поэзия минуттарында» өлеңдер оқылды, сондай-ақ, филфактің жігіттері танымал студенттік әндерді шырқады.

Кешті 1 курс студенттері Нұркен Нәрікбай мен Айнұр Дінібекқызы жүргізді. «Көкжиек» клубының белсенді мүшелері ақындар шығармашылығынан өлеңдер оқып, өнерлі жастарымыз әсем сазды әуендерімен кештің көркін кіргізді. Сырлы сұхбатқа толы кеш жастар үшін әсерлі де қызықты болды.   

Л.Мұсалы, ҚазҰУ

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы