• Featured
  • 14 Сәуір, 2022

"Көкжиек" клубының ұйымдастыруымен оқырмандар конференциясы өтті

2021-2022 оқу жылында әл-Фараби атындағы  филология факультетінде  "Көкжиек" клубының ұйымдастыруымен  М.Әуезовтің 125 жылдығына орай ұлы жазушының әңгімелері бойынша оқырмандар конференциясы өтуде. М.Әуезовтің ХХ ғасырдың басында жарық көрген , әдебиет зерттеушілер жоғары баға берген "Оқыған азамат"  «Көксерек», "Қорғансыздың күні" т.б әңгімелерінің көркемдік идеясы мен мазмұны нақты мәтіндер негізінде талқыланды.

Әдеттегідей "Көкжиек" конференцияларында студенттерге көркем мәтінді оқу және түсіну, талдаудың әдебиеттануда қалыптасқан қағидалары бойынша Әуезов әңгімелері жүйелі түрде талданып келеді. Әуезоа әңгімелері бойынша викториналық сұрақтар, презентациялар жасалып, студенттер назарына ұсынылды. Кезекті бір конференцияға Әуезовтің әңгімелерін зерттеген әдебиетші ғалым Аслан Жақсылықов қатысты. Ғалым Әуезов әңгімелерін зерттеу және "Көксеректі" орыс тіліне аудару тәжірибесі жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ, аталған конференцияларда жазушы шығармаларының шетел әдебиетімен байланысы жөнінде айтылып, "Көксерек" пен Д.Лондонның «Ақ азу» шығармалары арасындағы шығармашылық байланыс   мәселесі де талқыланды.

Студенттер екі шығарманың тақырыбы мен идеясы, көркеидігі бойынша нақты мысалдар келтіріп, ой-пікірлерін ортаға салды. Конференциялардың мақсаты - Әуезов туындылары арқылы қазақ халқының рухани-әдеби құндылықтарын насихаттау жас ұрпақтың бойына адамгершілік қағидаларын сіңіру  кітап оқуға баулу.  Болашақ филолог-мамандар үшін бұндай іс-шаралар пайдалы болмақ.

ҚазҰУ оқытушылары Л.Мұсалы, Г.Ғабдыкаримова

3119 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы