• АҚ ЖЕЛКЕН
  • 25 Шілде, 2022

«Менің бауырларым»

Иә, адамның бүкіл өмірі осы ең жақын жандардың қасында өтеді. Ол алыста жүрсең де – жақын, қол жетпес жерде болса да – тілеулес. Балалық шақтың ең нұрлы естеліктерін солар ғана майын тамыза әңгімелеп бере алады. Сабақты қалай оқығаныңды, қай пәннен қандай баға алатыныңды, қандай тентектік жасағаныңды, қандай жарыста маңдайың жарқырап озып келгеніңді, бәрін былай қойғанда, алғаш кімге ғашық болып, оны кімге айтқаныңды – бәрін біледі. 

Есейіп, өмірдің үлкен жолына түскен мезетте сан тарапқа кетсең де, олар сенің әркез тілекшің. Жетістігіңе олар сияқты қуанатын адам сірә жоқ. Сәтсіздігіңді өзінікіндей көтеріп, қолындағы барын қиюға ықыласты жан да солар ғана. Олар – сенің бірге туған бауырларың. Өмірде бауырдан қымбат ешкім жоқ. 

«Ақ желкен» журналы Балалар жылы аясында «Менің бауырларым» эсселер байқауын ұйымдастырып отыр. Байқау аясында өзіңнің ағаң, інің, қарындасың, сіңлің туралы толғанысыңды 2-3 бетке толтырып жазып жібер. Ішінде әдемі естелік, ерекше оқиға болғаны дұрыс. Бауырыңа деген ықылас-махаббатың, сағынышың, тілеулестігің әр жолынан аңғарылып тұрса тіпті жақсы. 

Ең үздік 5 шығарма авторы биылғы желтоқсан айында анықталады. Яғни шығармалар 30 қарашаға дейін қабылданады. Үздік 5 шығарма «Ақ желкен» журналында жарияланып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар, журналдың құрмет грамотасы табыс етіледі. Сыйлықтар қандай? Әзірше құпия! Бірақ қолыңа тиген кезде, тосынсый болатыны анық. 

Ұйымдастыру алқасы

«Ақ желкен» журналы, №7
Шілде, 2022

459 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы