• Бала және біз
  • 13 Желтоқсан, 2022

6 миллион баласы бар елміз

«Әлемде қанша ұл, қанша қыз бар?» деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Нақты жауап таппадық, өйткені туу көрсеткішімен бірге өлу көрсеткіші де қатар жүреді. Бірақ халық саны статистикасының басым бөлігі әлемде әйел адамдардың саны аз екенін көрсетіпті. Біз халық саны туралы ақпараттарды оқи отырып, қызықты деректерге тап болдық.

йынша, Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы балалар саны – 6 295 590, оның 3 544 735-і – қала, 2 750 855-і – ауыл баласы. Бала саны Алматы облысы мен Түркістан облысында басқа аймақтарға қарағанда көш ілгері. Мысалы, Алматыда – 753 539, Түркістанда 889 870 бала бар. Ал 2021 жыл бойынша 218,9 ұл бала, 204,6 қыз бала өмірге келген. Дүниежүзілік халық санына шолу жасап отыратын World Population Review тәуелсіз ұйымының мәліметінше, Қазақстанда халық саны 2099 жылға қарай 27,91 миллион адамға жетуі мүмкін. Ал 2027 жылы 20 миллионнан асады деп болжанған. Жалпы Қазақстан халқының өсу қарқыны 1,21% деп көрсетіпті.

Әлемде қанша ұлқыз бар екенін білмесек те, жер бетінде 2,2 миллиардтан астам бала бар екенін білдік. Олардың екі миллиардқа жуығы дамушы елдерде тұрады екен. Бұл ақпарат Нumanium үкіметтік емес ұйымының сайтында көрсетілген. Жер бетінде 2,2 миллиард бала тұрады дегенімізбен, бұл нақты сан болмауы да мүмкін. Өйткені ЮНИСЕФ-тің айтуынша, әлемде заңды статусы жоқ 166 миллион бала бар екен. Оның жартысы Конго Демократиялық Республикасы, Эфиопия, Үндістан, Нигерия және Пәкістан елдерінде тұрады. Заңды статусы жоқ дегеніміз – жеке басын куәландыратын заңды куәлігі жасалынбаған, оны жасауға ата-анасының шамасы жетпеген немесе басқа да кедергілерге тап болған. Туу туралы куәліксіз балалар үкіметтің есебіне кірмейді. Соның кесірінен олар балаларды қорғау, денсаулық сақтау және білім беру сияқты маңызды көмектерді ала алмайды. Туу көп болған жерде, бала да көп, әрине. World Population Review туу процесі көп елдерді коэффициентпен есептепті. Мысалы:

Туу және алмасу коэффициенті

Туу деңгейі ең жоғары 10 ел (1000 адамға шаққанда, CIA World Factbook 2021 бағалауы)

Нигерия – 47,28

Ангола – 42,22

Мали – 41,60 (басым)

Уганда – 41,60 (тең)

Бенин – 41,55

Чад – 41.05

Конго (Конго Демократиялық Республикасы) – 40,53

Оңтүстік Судан – 38,26

Сомали – 38,25

Мозамбик – 38.03

Туу деңгейі ең төмен 10 ел (1000 адамға шаққанда, CIA World Factbook 2021 бағалауы)

Монако – 6,63

Оңтүстік Корея – 6,89

Андорра – 6,91

Жапония – 7.00

Тайвань (шектеулі) – 7,43

Грекия – 7,72

Пуэрто-Рико – 7,90

Португалия – 8.02

Испания – 8.05

Болгария – 8,15

World Population Review тәуелсіз ұйымының сайтынан алған бірнеше мәліметті келтірейік. Бір қызығы, әлемдегі ең ірі экономика алыбына жататын Еуропада халық саны аз. Ұлыбритания, Германия, Франция және Италия секілді елдер экономиканың ондығына кірсе де, тұрғындарының саны 100 миллионнан аспай отыр. Қытайда жынысына байланысты түсік жасату және «бір бала» саясаты күрделі демографиялық проблемаға әкеп соқтырды. Нәтижесінде әрбір 100 қызға 120 ұл бала келеді екен. 2030 жылға қарай жасы 30-дан асқан ер-азаматтардың саны бес есе артып, ал үйленбеген жастардың саны халық санының өсуіне кері әсерін тигізеді деген болжам жасапты. 2026 жылға қарай Үндістанның да, Қытайдың да әрқайсысында 1,46 миллиард тұрғын болады деп болжануда, бірақ Үндістан 2060 жылға дейін өсумен 1-орынға шығып, Қытай халқының саны 2030 жылдан кейін азаяды делінген.

Биыл қараша айының 15-інде әлем халқының саны 8 миллиардқа жетті. БҰҰ халық саны 8 миллиардқа 15 қарашада жететінін 15 тамызда айтып қойған болатын. Жер бетіндегі халық саны 7-ден 8 миллиардқа дейін суі үшін 12 жыл қажет болса, оның 9 миллиардқа жетуі үшін шамамен 15 жыл қажет, яғни 2037 жыл деп болжапты...

Әлем халқының 61 пайызы – Азияда (4,7 миллиард), 17 пайызы – Африкада (1,3 миллиард), 10 пайызы – Еуропада (750 миллион), 8 пайызы Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде (650 миллион) тұрады. Ал қалған 5 пайызы Солтүстік Америкаға (370 миллион) және Океанияға (43 миллион) қоныстанған. Қытай (1,44 миллиард) және Үндістан (1,39 миллиард) әлемдегі халқы ең көп елдер болып қала береді. Бұл, тиісінше, әлем халқының 19 және 18 пайызы.

Дайындаған Балжан МҰРАТҚЫЗЫ

«Ақ желкен» журналы, №12
Желтоқсан, 2022

251 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы