- АҚ ЖЕЛКЕН
- 19 Шілде, 2024
Шәкен Тайлақ образын қалай тапты? (Бесінші викторина)

«Қазақтың нар тұлғалары» викторинасының бұл саны даңқты қазақ актері, режиссері Шәкен Аймановқа арналды. Бұған дейінгі Ф.Оңғарсынова, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, Б.Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығына арналған төрт викторинаға белсене қатысқан оқырмандарымызға алғыс айта отырып, жыл соңына дейін жарыс арқауын үзбеуге шақырамыз. Қазірдің өзінде басқа қатысушылардан оза шауып келе жатқан екі қатысушы бар екенін естеріңізге саламыз. Бұған дейінгі төрт викторинаға қатыса алмаған оқырмандар кез келген сәттен білімін сынап көре алады. Барлық викторинаға жауаптар жыл соңына дейін қабылданады. Жауаптар 1.А түрінде, қосымша түсініктемесіз қабылданады. Белсене қатысуыңды күтеміз, жас оқырман!
1. Кенжетайдың үш ұлы Аққалейіннің, Шәкеннің және Кәукеннің шын есімдері кім?
а) Абдан, Шағатай, Керімбек
ә) Әбдіразақ, Шағбан, Күлен
б) Әбдікәрім, Шаһкерім, Әбдірақым
в) Аққалық, Шармантай, Кемпірбай
2. Жас Шәкеннің актерлік талантын байқап, Семейден Алматыға әкелген қандай жазушы?
а) Мұхтар Әуезов
ә) Бейімбет Майлин
б) Сәбит Мұқанов
в) Ғабит Мүсірепов
3. Актер ретінде алғаш рет түскен «Амангелді» фильмінде Ш.Айманов қандай рөл ойнады?
а) Амангелдінің атқосшысы
ә) Эпизодтық сарбаз рөлі
б) Тергеуші
в) Тойымсыз бай
4. 1964 жылы Уильям Шекспирдің 400 жылдығы Англияда тойланғанда, Ш.Айманов қандай жетістігімен көзге түсті?
а) Сахнада Отелло моноло-гын қазақ тілінде оқыды;
ә) Кассио рөлімен үздік болып танылды;
б) «Ромео мен Джульеттаны» қазақ тілінде қойды;
в) Қазылар алқасының құрамында болды.
5. «Тақиялы періште» фильміндегі бас кейіпкер Тана апаның өмірдегі прототипі кім?
а) Ә.Өмірзақованың өзі
ә) Шәкеннің әпкесі Айнагүл
б) Сюжет ойдан шығарылған
г) Бұл – жиынтық образ
6. Ш.Аймановтың хоббиі қандай болған?
а) Шахмат фигураларын жинау
ә) Стадионнан футбол көру
б) Оттық пен салпыншақ жинау
в) Әйгілі актерлердің қолтаңбалары
7. «Атамекен» фильмінде басты рөлде ойнаған Мұрат Ахмадиевті режиссер еркелетіп қалай атаған?
а) Мурка
ә) Қалқанқұлақ
б) Шабарман
в) Поркуян
8. «Алдар Көсе» фильмінде жау шапқан елдің көшінің алдынан шығып, бас кейіпкер қандай әрекет істейді?
а) Бұрылып қашып кетеді;
ә) Керуенді толық сыйға тартады;
б) Жаудан кек қайтарады;
в) Жаудың қолбасшысын алдап қолға түсіріп, ұрлап әкетеді.
9. «Атаманның ақыры» фильмінде Ш.Айманов қазақтың қандай халық әнін өзі орындады?
а) «Жиырма бес»
ә) «Екі жирен»
б) «Шилі өзен, қамыс-ай»
в) «Дедім-ай-ау»
10. Ш.Айманов алғаш режиссер ретінде түсірген «Махаббат туралы аңыз» фильмінде (1954 ж.) қандай ұлттық фольклор негізге алынды?
а) «Жүсіп-Зылиха» жыры
ә) «Ер Қосай» жыры
б) «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жыры
в) «Қалқаман-Мамыр» жыры
«Ақ желкен» журналы, №7
Шілде, 2024

2856 рет
көрсетілді0
пікір