• АҚ ЖЕЛКЕН
  • 26 Тамыз, 2024

Қастеев мұраларында қанша ою бейнеленген? (Алтыншы викторина)

1. Жас Әбілханды ауыл молдасы қандай себеппен жазғырып-кінәлайды?

а) Әліпби жаттамағаны үшін;

ә) Адамдардың суретін салғаны үшін;

б) Сабақта сурет ойлап отыратыны үшін;

в) Ата-анасына көмектеспегені үшін.

2. Қастеев жастық шағында қандай ұлы құрылысқа қара жұмысшы болып араласты?

а) Еділ-Дон каналының құрылысына

ә) Байкал-Амур магистраліне

б) Түрксіб темір жолының құрылысына

г) Новосібір қаласының құрылысына

3. Әріптестері алғаш Әбілханның қандай туындысын көріп, білім алуға кеңес береді?

а) «Колхоздағы той»

ә) «Қыз алып қашу»

б) Лениннің суреті

в) Жамбылдың портреті

4. Қастеев 1945 жылы өткен Абай суретіне арналған республикалық байқауда қандай туындысымен ерекшеленді?

а) Жас Абайды бейнеледі;

ә) «Абай жолы» романының «Түн-түнекте» тарауының желісімен сурет салды;

б) Абай мен Мұхтар Әуезовті бір дәуірде бейнеледі;

в) Абай әлемін табиғат көрінісі арқылы берді.

5. Қастеев мұраларында қазақ оюларының қанша түрі кездеседі?

а) 57

ә) 274

б) 104

в) 400-ден аса

6. Қастеев қай жылы Қазақстан суретшілер одағына қабылданды?

а) 1945

ә) 1941

б) 1937

в) 1935

7. «Қазақты танығың келсе, Әбілхан Қастеевтің суреттерін көр, Әміренің әнін тыңда» деген қанатты сөз кімнен қалды?

а) Ғ.Мүсіреповтен

ә) Ө.Жәнібековтен

б) М.Әуезовтен

г) Н.Хлудовтан

8. Ә.Қастеев қандай округтен екі рет Қазақ КСР жоғары кеңесіне депутат болып сайланды?

а) Алматы облысы Панфилов ауданынан

ә) Шымкент облысы Сайрам ауданынан

б) Целиноград облысы Целиноград ауданынан

в) Жамбыл облысы Талас ауданынан

9. Қастеевтің аяқталмай қалған соңғы жұмысы қандай?

а) «Мектепке»

ә) «Қарындастың портреті»

б) «Шөп шабу»

в) Ш.Берсиевтің портреті

10. Ұлттық банк 2019 жылы Ә.Қастеевтің қандай туындысын күміс теңге үлгісінде шығарды?

а) «Бүркітші»

ә) «Жас Абай»

б) Жамбылдың портреті

в) Кенесарының портреті

Құрметті оқырман! «Қазақтың нар тұлғалары» викторинасына қатысушылар саны әлі де аздау болып жатқанына алаңдаймыз. Журналымыздың биылғы №3 санынан бастап Ф.Оңғарсынова, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, Б.Соқпақбаев, Ш.Айманов өмірі мен шығармашылығына қатысты 10 сауалдан тұратын викториналар жарияланды. Бес жүлдегерге қомақты сыйлық барын ескертеміз. Жауаптар 1) А түрінде, қосымша түсініктемесіз akzhelken.1925@gmail.com поштасына қабылданады. Қатысушы аты-жөнін, оқитын мектебін (колледжін, жоғары оқу орнын), сыныбын (курсын), жалпы мекенжайын, телефон нөмірін нақты көрсеткені дұрыс. Кейін жеңімпаздарды марапаттау үшін бұл өте қажет. Қазір екі оқушы алда келеді. Арасында бір-екі викторинаға қатысып, кейін үнсіз қалған оқырмандарымыз да бар. Байқауға жыл бойы қатысуға, ескі нөмірлердегі сауалдарға кез келген уақытта жауап берулеріңізге болады. Жауаптар 2025 жылдың қаңтар айына дейін қабылданады. Бұл жолғы 10 сауал даңқты қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевке арналды. Жауаптарыңызды күтеміз.

«Ақ желкен» журналы, №8
Тамыз, 2024

736 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы