• АҚ ЖЕЛКЕН
  • 16 Қыркүйек, 2024

Бейімбеттің алғашқы кітабы қалай аталды? (Жетінші викторина)

«Қазақтың нар тұлғалары» викторинасы бұл жолы жазушы Б.Майлинге арналды. Жауаптар дәстүрлі түрде, 1.А нұсқасында қабылданады. Қосымша түсініктеме беру қажет емес. Бұған дейінгі алты викторинаға белсене қатысқан оқырмандарға мың алғыс!

Б.Майлиннің баспасөзде тұңғыш жарық көрген «Қостанай уезі, Дамбар болысы» деген мақаласы қандай басылым бетінде жарияланды?
а) «Сарыарқа» газетінде;
ә) «Айқап» журналында;
б) «Қазақ» газетінде;
в) «Вахт» газетінде».

2. «Садақ» қолжазба журналында алғаш жарияланған «Шұғаның белгісі» хикаятын Бейімбет қандай бүркеншік есіммен шығарды?
а) «Жасқаншақ»
ә) «Бимұхамет»
б) «Толстой Қазақ»
в) «Шаңқан»

3. А.Байтұрсынұлы 1918 жылы Қостанайға келіп тізім жасағанда, Б.Майлин Ахаңның қандай бастамасына қолдау білдірді?
а) Алаш әскеріне жазылды;
ә) «Қазақ» газетіне автор болуға келісті;
б) Қарапайым халықтан салық жинауға қарсы шықты;
в) Алғашқы қазақ университетін ашу жайын қолдады.

4. 1921 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне Бейімбетті қызметке кім шақырды?
а) М.Әуезов
ә) М.Жолдыбаев
б) С.Сейфуллин
в) С.Сәдуақасов

5. 1925 жылы Б.Майлиннің алғашқы кітабы шықты. Ол қалай аталды?
а) «Шұға»
ә) «Бейімбеттің өлеңдері»
б) «Отбасында»
в) «Күлпаш»

6. Бейімбеттің «Майдан» пьесасын қолжазба күйінде кәсіпқой театр сахнасында қойған режиссер кім?
а) Қ.Бадыров
ә) С.Қожамқұлов
б) Ж.Шанин
в) М.Насонов

7. Сценариін Б.Майлин мен Ғ.Мүсірепов жазған тұңғыш қазақ киносы – «Амангелді» фильмінің дайын сценариі алғаш қандай журналда басылды?
а) «Новый мир»
ә) «Огонек»
б) «Новое кино»
в) «Вокруг света»

8. Жазушының отызыншы жылдары Қарағанды құрылысы, өндірісі, жұмысшылар өмірі туралы жазған, бірақ кітап болып жарық көрмеген романы қалай аталды?
а) «Жалтыр көлінің басында»
ә) «Еңбек бәсекесі»
б) «Болат құстың кеудесінде»
в) «Қызыл жалау»

9. Майлиннің атақты «Екі оқушыға жауабым» атты мақаласы кімдерге арналып жазылды?
а) С.Сәдуақасов пен С.Сейфуллинге
ә) Қ.Өтепұлы мен Ә.Мусинге
б) Б.Батталов пен И.Шуховқа
в) С.Ерубаев пен Р.Жаманқұловқа

10. Б.Майлин ұсталарда да, кейін ақталғанда да азаматтық пікірінен айнымаған, жоқтаушысы болған қазақ қаламгері кім?
а) М.Қаратаев
ә) Ғ.Мүсірепов
б) Ә.Мусин
в) Ә.Байділдин

Викторина қорытындысы 2025 жылдың алғашқы санында қорытындыланады. Жауаптар 31 желтоқсанға дейін akzhelken.1925@gmail.com поштасына қабылданады. Викторинаға кез келген уақыттан қатыса беруге болады. Алғашқы викторина журналымыздың биылғы №3 санында жарияланды. Жауаптарыңды асыға күтеміз.

«Ақ желкен» журналы, №9
Қыркүйек, 2024

1484 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы