• АҚ ЖЕЛКЕН
  • 31 Қазан, 2024

Жүсіпбек актер болды ма? (сегізінші викторина)

«Қазақтың нар тұлғалары» викторинасы соңына таяп келеді. Жыл басынан бері біз Ф.Оңғарсынова, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, Б.Соқпақбаев, Ш.Айманов, Ә.Қастеев, Б.Майлин сияқты тұлғаларға арналған он сұрақтан тұратын викторина сұрақтарын жарияладық. Қатысушылар саны көңілімізді көншітпегенмен, күні бүгінге дейін үш оқушының алға оза шапқанын ескерткіміз келеді. Тіпті бір оқушы осыған дейінгі жеті викторинаға бірден жауап беріп, жүлдеден үміткерлер қатарына қосылды. Демек, «Ақ желкеннің» кез келген оқырманы журналдың биылғы №3 санынан басталған викторина сұрақтарына желтоқсан айының соңына дейін жауап бере алады. Жүлделер қомақты екенін естеріңе саламыз. Бұл сандағы викторина сұрақтары жазушы Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығына арналады. Жауаптар дәстүрлі түрде 1. А) нұсқасында қабылданады. Қосымша түсініктеме, жауап мәтінін толық жазып шығу қажет емес. Викторина қорытындысы 2025 жылдың қаңтар айында қорытындыланып, барлық он викторинаның дұрыс жауаптары да сол кезде жарияланады. Жауаптар биылғы 31 жел тоқсанға дейін akzhelken.1925@gmail.com поштасына қабылданады.

Ж.Аймауытұлы қазақ прозасында қандай бағыт қалыптастырған қаламгер болып саналады?

а) Ақ өлең прозасы

ә) Психологиялық проза

б) Тұңғыш драматург

в) Тарихи проза

2. «Қазақты тура жолға бастайтыны да, адастыратыны да – оқығандары. Халыққа қызмет қылуға жарамаған, үлгі, шырақ бола алмаған оқығандардан пайда жоқ» деген үзінді Аймауытұлының қандай мақаласынан алынған?

а) «Ұлтты сүю»

ә) «Тәрбие»

б) «Сауатсыздықты жою»

в) «Мысыққа – ойын, тышқанға – өлім»

3. Ж.Аймауытұлы тарихы терең қандай басылымның алғашқы редакторларының бірі болып саналады?

а) «Жетісу»

ә) «Ақиқат»

б) «Егемен Қазақстан»

в) «Сарыарқа самалы»

4. «Қартқожа» романында жазушы өзінің прототипін қандай кейіпкер арқылы көрсетеді?

а) Қартқожа

ә) Қартқожаның әкесі

б) Підие алатын бала молда

в) Тілмаш Әбдібек

5. Ж.Аймауытұлы Н.Гогольдің қандай шығармасын қазақ тіліне аударды?

а) «Өлі жандар»

ә) «Мұрын»

б) «Есуастың жазбалары»

в) «Бақылаушы»

6. 1915 жылы Семейде қойылған «Біржан-Сара» спектаклінде Ж.Аймауытұлы кімнің рөлін тамаша орындады?

а) Жиенқұл

ә) Біржан сал

б) Жанбота болыс

в) Әріп Тәңірбергенов

7. 1918 жылы «Абай» журналында жарық көрген «Абайдың өнері һәм қызметі» мақаласының соңына «Екеу» деп қол қойған кімдер?

а) Ж.Аймауытұлы мен С.Сәдуақасов

ә) Ж.Аймауытұлы мен С.Дөнентаев

б) Ж.Аймауытұлы мен С.Торайғыров

в) Ж.Аймауытұлы мен М.Әуезов

8. «Ақ жол» газетінің 1925 жылғы 1 мамырдағы санында жарияланған «Пән сөздері қалай табылады?» деп аталатын мақаласында Ж.Аймауытұлы терминологиялық ұйымдастыру жолдарына ұсынған екінші себеп қандай?

а) «Тілдің өсіп, өркендеуі де табиғи жол болуы керек»;

ә) «Мектептердің пән сөзін кеңседе жасау дұрыс емес»;

б) «Жаңадан жасалған сөздер күшпен тіл бола алмайды»;

в) «Кітап жазушылар екі-үш жыл өткенде тіл туралы кеңесіп, табылған тілдерді қорытып отырсын».

9. Қазақтың балаларға арналған тұңғыш суретті кітабы (комиксі) саналатын туынды Жүсіпбектің қандай шығармасы негізінде шықты?

а) «Жаман тымақ»

ә) «Шал мен кемпір»

б) «Үш қыз

в) «Көк өгіз»

10. Ж.Аймауытұлы қайда жерленген?

а) Мәскеудегі Ваганьков зиратында

ә) Талғар ауданындағы Жаңалық ауылында

б) Астана қаласының ортасындағы ескі қорымда

в) Туған жері Баянауылда

«Ақ желкен» журналы, №10
Қазан, 2024

1631 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы