• АҚ ЖЕЛКЕН
  • 16 Сәуір, 2024

Қаныш қандай оқулық жазды?

12 сәуір күні қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды. «Қазақтың нар тұлғалары» викторинасының екінші топтамасын біз дара академиктің өмірі мен шығармашылығына арнаймыз. Жауаптар жыл соңына дейін akzhelken.1925@gmail.com электронды поштасына қабылданады. Әр сұрақта жауаптың нұсқасы ғана көрсетілгені дұрыс (мысалы, 1.А; 2.В). Бір сұрақта екі немесе одан көп дұрыс жауап болмайды. Бұған дейін «Ақ желкеннің» №3 санында поэзия патшайымы Ф.Оңғарсыноваға арналған викторина жарияланған еді.

(Екінші викторина)

1. Қаныш Сәтбаевтың шын аты – Ғабдул-Ғани. Бұл есім қандай мағына береді?
а) «Адал құл»
ә) «Адал шәкірт»
б) «Мәртебелі құл»
в) «Ардақты үмбет»

2. Денсаулық жағдайына орай Баянауылға қайтқан 1920-1921 жылдары Қ.Сәтбаев елде қандай қызмет атқарды?
а) Халық соты болды;
ә) Мұғалімдікпен айналысты;
б) Есепші болды;
в) Бос жүрді.

3. 1921-1926 жж. Сібір технология университетінің студенті болып жүргенде Қ.Имантайұлы қандай оқулық жазды?
а) «Пішіндеме»
ә) «Баяншы»
б) «Қираат кітабы»
в) «Алгебра»

4. Сәтбаевтың үлкен ізденісі мен тынымсыз еңбегі арқылы дәлелденген Сарыарқадағы мыс қорына сол кезде қандай бейресми атау берілді?
а) «Кенді Қарсақбай»
ә) «Үлкен Жезқазған»
б) «Ұлы Ұлытау»
в) «Мысты Сарыарқа»

5. Ұлытау өңіріндегі Алтыншоқының оңтүстік бетінен геолог Қ.Сәтбаев 1935 жылы тапқан тарихи белгі, көне ескерткіш қандай билеуші дәуіріне тән болды?
а) Шыңғыс хан
б) Әмір Темір
в) Жошы хан
г) Тәуекел хан

6. Қ.Сәтбаев Едіге туралы жырды қазақ емлесіне түсіріп, қай жылы жеке кітапша етіп шығарды?
а) 1935
ә) 1932
б) 1930
в) 1927

7. А.В.Затаевичтің «Қазақтың 500 ән мен күйі» жинағына Қ.Сәтбаев қазақтың қанша әнін жазып тапсырды?
а) 25
ә) 23
б) 17
в) 15

8. Қ.Сәтбаевың ұзақ жылғы қажырлы еңбегімен жобаланып, 1940 жылдың қаңтар айында құрылысы басталған Кеңгір су қоймасының жобадағы бастапқы атауы қандай болды?
а) «Қарсақбай көлі»
ә) «Досмырза бөгеті»
б) «Ұлытау айдыны»
в) «Сарыарқа су қоймасы»

9. 1942 жылы Қ.Сәтбаевқа қандай еңбегі үшін КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді?
а) «Қазақстан мен кеңес одағының мыс құмдары»
ә) «Қазақстанда қара металлургияны дамыту мүмкіндіктері туралы»
б) «Жезқазған ауданындағы кен орындары»
в) «Билибиннің универсалдық теориясы»

10. Қ.Сәтбаев екінші рет қай жылдар аралығында Қазақ КСР ғылым академиясының президенті қызметін атқарды?
а) 1946-1952
ә) 1948-1955
б) 1950-1962
в) 1955-1964

«Ақ желкен» журналы, №4
Сәуір, 2024

905 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Есей Жеңісұлы

«Ақ желкен» журналының Бас редакторы